• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қазан, 2021

Жыл басынан бері экономикалық өсім 3,4 пайызды құрады – экономика министрі

172 рет
көрсетілді

Қаңтар мен қыркүйек арасында Қазақстан экономикасының өсімі 3,4 пайызға дейін жеделдеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстан экономикасының өсу көрсеткіші 3,4 пайызға дейін жеделдеді. Осы есепті кезеңде негізгі трендтер бойынша қызмет көрсету секторындағы динамиканың жандануы нарықтық сектордағы өсу қарқынының сақталуы, сауда балансының оң сальдосы, нарықтың нығаюы және өңдіруші емес секторлардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалуда», деген ведомство басшысы аталмыш 9 айда нақты сектордағы өсім 3,5 пайызға жеткенін де атады.

«Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік 2,9 пайызға дейін өсті. Салалар арасында ақпарат және байланыс, құрылыс, сауда, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсетті. Сондай-ақ, ауыл шаруашлығында да  жоғары өсім байқалып отыр», деді министр.