Оңтүстік шаһардағы оңды оқиғаның бірі Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі қала меншігіне қайтарылды. Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев көрнекті ағартушының тарихи-мәдени мұрасын сақтау мақсатында тиісті шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қала басшысы Бақытжан Сағынтаев А.Байтұрсыновтың мұражай-үйіне барып, мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
«Келер жылы көрнекті ағартушы А. Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», деп жазды Б. Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.
ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 ш. м.