• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қазан, 2021

Тоқаев ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің отырысына қатысады

323 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Беларусь Республикасының төрағалығымен бейнебайланыс режимінде өтетін ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кезекті отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли таратқан хабарға сілтеме жасап.

«ТМД елдерінің басшылары Достастық аясындағы ынтымақтастықты тереңдетудің жағдайы мен перспективаларын талқылайды. 2022 жылы ТМД ұйымына Қазақстан төрағалық етеді», деп жазылған хабарламада.