• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экономика 14 Қазан, 2021

АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты

193 рет
көрсетілді

АНГА желісіндегі ыстық­тай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.

Қалыңдығы 0,4-2,0 мм жолақтарды сапалы дәне­кер­леуді қамтамасыз ету үшін қолданыстағы дәнекерлеу машинасын заманауи Toshiba Mitsubishi-Electric Industrial Systems өндірушісімен толық ауыстыру жобасы мақұлданды. Ескі машина 1998 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Мұндай жабдықты ұзақ уақыт пайдалану дәнекерлеу сапасына әсер етіп, дәнекерленген жолақтардың қалыңдығын шектейді, бұл өндірістің сапасы мен өнімділік көрсеткіштерін төмендетеді.

2021 жылғы 5 қазанда «Арсе­лорМиттал ТМД» бас директоры Виджай Гойял жаңа жабдықты іске қосты. Қалыпты режімде дәнекерлеу машина­сының жұмысы қайнатылған профиль­дердің ассортиментін 0,4-тен 2,0 мм-ге дейін кеңейту­ге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кете­йік, биыл Премьер-Ми­­­­­­нистр­­­­­­дің орынбасары Ро­ман Скляр мен «Ар­се­лорМиттал ТМД» бас директоры Вид­жай Гойял Үкі­мет пен «Арсе­лорМиттал Теміртау» АҚ ара­сын­да өзара түсіністік туралы мемо­ран­думға қол қойды. еморандум шарт­тары бойынша «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жаңғыртуға бағытталған инвес­тицияларды айтарлықтай ұлғай­тады, оның инвестициялық келісімшарт шеңберіндегі жиынтық көлемі келесі 10 жылда кемінде 3 млрд долларды құрайтын болады. Бұл ретте осы соманың басым бөлігі келісімді орын­даудың алғашқы бес жылында инвестицияланады.