Өзбекстанда әйел баланы бес мың долларға (2 млн теңгеден астам) сатуға тырысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
CentralAsia (UZ) мәліметтері бойынша нәресте 8 қазанда дүниеге келген.
Тәртіп сақшылары Қашқадария облысының тумасын ұстады.
«Жас ана ақша аудару кезінде ұсталды. Жаңа туған нәрестені балалар үйіне тапсырды», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде.