• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Қазан, 2021

Қарағандының көмір тиеу алаңдарында жұрт тәулік бойы кезекте

152 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы көмір тиеу алаңдарында ұзын сонар кезек пайда болды, деп жазады Egemen.kz.

Жүк көліктерінің жүргізушілеріне отын алу үшін тәулік бойы тұруға тура келеді. Соның салдарынан өңірдегі екі бірдей шалғай ауылға көмір жетпей қалған. Тендерді жеңіп алған компания жылу маусымы басталғанша қажетті отынды тасып үлгірмепті. Ал жергілікті билік әлеуметтік нысандарды қатырып алмас үшін көмірді қарызға алып амалдаған. Аймақта көмір тапшылығы жоқ. Шахталар өндіріс қуатын одан әрі ұлғайтуға дайын. Бар мәселе отынды таситын теміржол вагондарының жетіспеуінен туып отыр.

«Көмірді уақытында жеткізуге вагондар жеткіліксіз. Бұл мәселе жылда туындайды. Бар көмірді таси алмаймыз. Сондықтан республикалық деңгейде үлкен парк құрып, вагондар санын ұлғайтатын кез келді. Сонда жұмыс бір жүйеге түседі», деді Өнеркәсіп және индустриялды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Шорманбаев.