• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2021

76 жастағы қарт 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген

435 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының тұрғыны 13 жыл бойы екі елден зейнетақы алып келген, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Алтай ауданының полиция қызметкерлері қос азаматтық алу фактісін анықтады.

«Ер адам 2004 жылы Қазақстан азаматтығынан шықпай, Ресей Федерациясының азаматтығын алған. Осылайша, зейнет жасына жеткеннен кейін ол 13 жыл бойы екі елден ақша алып отырды. Соның салдарынан мемлекетке 12 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілді», деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Аталған факті бойынша 76 жастағы қарт кісіге ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 1-бөлігімен 100 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы заңсыз алынған зейнетақы төлемдерін бюджетке қайтару үшін сотқа арыз береді.