• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 14 Қазан, 2021

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевті қабылдады

832 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының биылғы 9 айдағы қорытындылары туралы баяндалды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, облыста сауда, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция, шағын және орта бизнес салаларында өсім бар. Өңірлік жалпы өнімнің көрсеткіші бойынша республикада екінші орынға шыққан, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы мәлімет берілді. Жалпы коронавирус індеті басталғалы бері өңірде 14 645 адам індет жұқтырған. Бұл – облыс тұрғындарының 1,6 пайызы. Қазір аймақтағы азаматтардың 97,8 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алған.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын таза сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша есеп берді. Облыс орталығының маңындағы 4 қайнар ауызсу қорын артығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген. Президентке қазіргі уақытта өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуге бағытталған жұмыстар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға берді.

Мемлекет басшысы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын және аймақтағы өзге де қолға алынған жобаларды кезең-кезеңімен, уақтылы жүргізіп, тиянақты аяқтауды тапсырды.