• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 15 Қазан, 2021

Норвегия полициясы Конгсбергтегі шабуылды теракт деп атады

288 рет
көрсетілді

Норвегия полициясы бес адам қаза тапқан шабуылды террористік әрекет деп мәлімдеді. Сәрсенбі күні 37 жастағы ер адам Норвегияның Конгсберг қаласында садақтан оқ жаудырған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы BBC мәлімдеді.

Бұған дейін бірнеше уақыт бұрын ол ислам дінін қабылдағаны белгілі болған. Қаскүнем діни теріс ағым өкілі ретінде құқық қорғаушылардың көзіне түскен екен. Алайда, оның неліктен шабуыл жасағаны белгісіз. Өңірлік полиция бөлімінің басшысы құқық қорғау органдарының қызметкерлері соңғы рет ол туралы ақпаратты 2020 жылы сұратқанын мәлімдеді.

«Норвегияда террористік қауіп деңгейі бұрынғыша төмен деп есептеледі», делінген Норвегия полиция қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, 13 қазанда кешкі алтыдан кейін басталған. Мерген өз құрбандарына бірнеше жерде, соның ішінде супермаркетте шабуылдаған. БАҚ хабарлауынша, ер адам өзімен бірге басқа қару да ұстап жүрген.