• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ғылым 15 Қазан, 2021

Тұрсын Жұртбай тарихта жасырын болған қасірет парақтарын ақтарды – Көшербаев

325 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы  Қырымбек Көшербаев  профессор Тұрсын Жұртбайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Елдік ұстаным және Тәуелсіздік нысанасы» ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Тарихты түгендеу, ұлттық руханият үшін мехнатты іс. Көз майын тауысып, жылдар бойы архивтерде отырып еңбек етуге екінің бірінің, егіздің сыңарының қажыры жете бермейді. Ол үшін аса табандылық керек, шыдамның шегін көрсетер, төзімді түгел тауысар, ауыр жұмыстың жауапкершілігін сезетін адам ғана атқара алса керек», деді Көшербаев.

Мемлекеттік хатшы жұрт жұмысына жанын салып істейтін азаматтардың бірі жетпістің жотасына көтеріліп отырған Тұрсын Жұртбай екенін айтты.

«Тұрсын Жұртбай  алғашқыда «Қоңыр қаз» (1978), «Жүрегiмде жұмыр жер» (1980) жыр кітаптарымен ақын ретінде танылды. «Замандасым, сырласым» очерктер жинағын шығарды. Әдеби ортаға дендеп салиқалы сыни мақалаларымен сіңісті.  Қалибек Қуанышбаев туралы «Дара тұлға» мақаласы да оқырманның оң бағасын алды. Кейінірек ғылыми-танымдық деректі шығармалар жолына түсіп, зерттеушілік қызмет атқарды. Архивтерді ақтарды, сарғайған газет-журналдардан тарихи тың деректерді ашты»,  деді Көшербаев. 

Көшербаев Тұрсын Жұртбай бұған дейін жасырын болған қасірет парақтарын ақтарғанын айтты.

«15 жылдан астам уақыт бойы ғылыми ізденіс жүргізіп, тың деректерді ғылыми айналымға енгізді. Мемлекет басшысының жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша комиссия құрылды. Қазір комиссия шетелдік архивтерде де жұмыс істеп жатыр»,  деді ол.

Конференцияға зиялы қауым өкілдері мен қала басшылығы, Президент әкімшілігінің өкілдері, ақын, жазушылар қатысты.