«Тараз-Сарыкемер» тас жолында автокөліктердің соқтығысуы салдарынан «Жигули» жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол апаты 15 қазан күні таңертең, жергілікті маңызы бар автожолдың 6 шақырымында орын алды.
27 жастағы Audi (B4) маркалы автокөлігінің жүргізушісі Сарыкемер ауылынан Таразға бет алған. Ер адам қарсы қозғалыс жолағына шығып, 21 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен «ВАЗ-2104» маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ – 2104» маркалы автокөлігінің жүргізушісі апат орнында көз жұмды, 6 адам түрлі жарақатпен Сарыкемер аудандық ауруханасына жатқызылды», деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.
Тергеу шаралары жүргізіліп, бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды.