Алматылық «Буревестник» волейболдан клубтық Азия Чемпионатында үшінші орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қола медаль үшін матчта Александр Запеваловтың шәкірттері таиландтық «Накхон Ратчасимді» 3:0 есебімен жеңді.
Алаң иелері қазақстандықтардың пайдасына аяқталған алғашқы партияда ғана қарсылық көрсетті – 25:23.
Шешуші кездесуде «алтын» үшін Sir jan Foulad Iranian және Al Arabi Sports Club күштерімен күш сынасады.