• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 15 Қазан, 2021

Қазақстанның вакцина паспортын қанша ел мойындады?

410 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаның қазақстандық паспортын қай елдер мойындағанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әр ел коронавирусқа қарсы вакцинация паспорттарын өзара тану үшін өз талаптары мен тәсілдерін белгілеуде. Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз», деді Цой ОКҚ брифингінде.

Сонымен қатар ол осы уақытқа дейін Қазақстан бірқатар мемлекеттермен вакцинация паспорттарын өзара мойындағанын хабарлады. Олардың қатарында Грузия, Венгрия, Қырғызстан, Моңғолия, Үндістан, Молдова, Таиланд, Түркия, Беларусь, Филиппин, сондай-ақ Вьетнам, Египет және Оман бар.

«Қазір әрбір мемлекетпен кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде. Бұл жұмыс жалғасуда», деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.