• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2021

Алматы облысында ірі жол апаты болды

1066 рет
көрсетілді

Алматы - Қапшағай тасжолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Алматы облысы полициясының мәліметінше, апат таңғы сағат 8-де оңтүстік бағыттағы Алматы - Өскемен жолының 19-шақырымында болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, Lada Granta автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі маневр жасап жатқанда көлігін тізгіннен шығарып алған», дейді құқық қорғау органдары өкілі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Полиция әкімшілік іс қозғап, Lada Granta айып тұрағына қойылды.