• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Қазан, 2021

ШҚО-да карантиндік шектеулер 30 қазанға дейін ұзартылды

424 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қ.А. Тұрдиевтің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатта жазылғандай, өңір бойынша карантин 30 қазанға дейін ұзартылды. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 19,5%. Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,971.

Осы ретте, ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты карантин талаптары мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің қаулыларындағы барлық шектеулерді сақтауға шақырады.