• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 17 Қазан, 2021

Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме жауапкершілікке тартылды

256 рет
көрсетілді

Елордада кәсіпкерлік нысандардың карантин талаптарын сақтау жағдайын қадағалау жалғасып жатыр. Мониторингтік топ мүшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

«15 қазан күні 9 елордалық мекеме карантин талаптарын бұзды. Алматы ауданында «Лапша» мейрамханасы, «Киш миш», «Gentles» кафелері, «Мармелад» лаундж-бары белгіленген жұмыс режимін сақтаған жоқ.

Сарыарқа ауданында орналасқан «Барвиха» лаундж-барында, «Oina» ойын клубында, «Рыба моей мечты» караокесінде де карантин шаралары бұзылды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданындағы «Garage» мейрамханалық кешені мен «Inforno» рестобары енді», делінген хабарламада.

Карантин талаптарын бұзу туралы мәліметтер әкімшілік шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолданды. Қалалық әкімдік өз кезегінде індет таралуының азайғанына қарамастан, коронавирустан қорғанудың тәсілі вакцина алу және санитарлық талаптарды сақтау екенін ескертеді.