• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 18 Қазан, 2021

Асық атудан спорт шебері атағы берілетін болды

521 рет
көрсетілді

Ұлттық ойынымыз ресми санат алатын деңгейге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Яғни ішкі біріншіліктерде топ жарғандар енді спорт шебері және спорт шеберлігіне үміткер атана алады. Бұл жөнінде Асық ату федерациясының өкілі Марат Исламбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, бастама ұлттық ойынымызды жаңғыртуға және қатысушылар санын арттыруға тың серпін береді. Қазір асық ату мектеп бағдарламасына қосылып, бірқатар білім ордасында үйретіліп жүр. Бұған қоса, жыл сайын тұрақты ұйымдастырылатын жарыстары бар. Тіпті әртүрлі деңгейдегі спартакиада мен универсиадаларға қосылған.