• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 18 Қазан, 2021

8 жасар қызды қолтырауын жеп қойды

2966 рет
көрсетілді

Индонезияның Буру аралында қолтырауын 8 жасар қыз балаға шабуыл жасап, оны жеп қойған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жантүршігерлік оқиға баланың достарының көз алдында болған. Алайда маңайында ересек адамдар болмағандықтан, олар көмектесе алмаған. Баланың дене бөлшектері 15 қазан күні табылды.

Бұл туралы 17 қазанда Newsweek басылымы хабарлады.

Берілген ақпарат бойынша, балалар Телук Кайели ауданындағы өзенде шомылған. Қолтырауынды көрген достары өзеннен қашып шығады да, Сучи Рамадхани жорғалаушыдан құтыла алмайды.

Оқиға орнына жеткен жергілікті тұрғындар баланың басын шайнап жатқан жыртқышты найзамен өлтіреді. Балалар шомылған өзенде қолтырауын көп мекендейді.

Соңғы 10 жылда жыртқыштар адамдарға 2 мәрте шабуыл жасаған. Бұған дейін Индонезияның Оңтүстік Суматра провинциясында қолтырауын балықшыға шабуыл жасап, денесін екіге бөліп тастаған еді.