• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2021

Қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды

1622 рет
көрсетілді

Шымкентте сәбиді қоқыс контейнеріне тастаған ана табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол 1996 жылы туған азаматша болып шықты.

«Тергеу барысында полиция қызметкерлері 1996 жылы туған күдікті азаматшаны анықтады», деп атап өтті қалалық ПД.

Еске сала кетсек, 18 қазанда коммуналдық қызмет қызметкерлері қоқыс жәшігінен жаңа туған баланың мәйіті салынған пакетті тапты.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100-бабы (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сәбидің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп нақтылады ведомстводан.