• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қазан, 2021

Ақмола облысында жол апатынан 2 адам қаза тапты

230 рет
көрсетілді

Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18-қазан түнгі сағат 00:46-да Ақкөл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолының 387 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабар түскен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, істен шыққан «Toyota Camry» автокөлігі тиелген «Газель» автокөлігі (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 30 жастағы тұрғыны) алда тұрған «MAN» автокөлігімен (жүргізушісі Нұр-Сұлтан қаласының 27 жастағы) соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Газель» автокөлігінің екі жолаушысы, яғни 34 және 29 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары оқиға орнында көз жұмды.

Ал, «Газель» автокөлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Ақкөл ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Оқиға кезінде екі жүргізуші де сау болған», деді ведомстводан.

Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды.