• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қазан, 2021

Мектеп оқушысы 20-қабаттан секіріп кетті

816 рет
көрсетілді

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайғылы оқиға кеше сағат 18.45-те Ақтөбе қаласында тіркелді. Қала тұрғыны полиция бөліміне хабарласып, 11-шағын ауданындағы № 112 «В» үйінің кіреберісінде кәмелет жасына толмаған қыздың жатқанын айтқан.

Полиция жасағы аталған үйдің кіреберісінен 2008 жылы туған жеткіншектің денесін тапты. Ол 25 қабатты үйдің 20-қабатындағы кіреберістің балконынан секіріп кеткен.

«Кәмелетке толмаған бала алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Қазір Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.