• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 21 Қазан, 2021

Көбелектер көрмесі

625 рет
көрсетілді

Ақ көбелек, көгілдір көбелек, емен көбелегі, барқыт көбелек, бұйра көбелек, мүр көбелек, қан көбелек, түн көбелектері, нимфалидалар сияқты Қазақстанда, сондай-ақ әлемде кездесетін көптеген көбелек түрлері Art Galaxy Alma-Ata көрмесінің ажарын ашты.

Адамзатқа бор дәуірінен белгілі болған қабыршақ қанаттылардың бүгінде жер шарында жүз мың­нан астам түрі кездеседі. Ал Қазақ­стан­ды мекендейтін тропикалық жән­­діктердің 3 мыңнан астам си­­рек түрі «Қызыл кітапқа» ен­ген.

Жәндіктердің раритетті түр­лері көздің жауын алып қана қоймай, әсемдік әлеміне ерекше қамқорлықпен, жанашырлықпен қарауды қалайды. Бұл көрмеде 20 сантиметрге жететін ең ірі қоңыз, со­нымен қатар әлемдегі төрт кол­лек­ционердің ғана жинағында кез­де­сетін энтомологиялық үл­гілер бар.

Белгілі профессор, энтомо­лог, натуралист Павел Мари­ков­­скийден тәлім алған энтомолог Карина Сәр­сенова өз топтамасын жабайы әлемдегі әсем жәндіктермен жиырма жыл бойы толықтырып келген. Көрме арнайы шақырылған ғалым, энтомолог Мәскеу мемле­кеттік универ­ситетінің профессоры Александр Петровтың жетек­шілігімен өтті.

Бұл қордағы үлгілер әлемнің 30-дан астам елінен жиналған. Зергерлік шеберлікпен топтасты­рыл­ған қанатты экспонаттар ішінде Қазақстандағы тропикалық жәндіктердің энтомологиялық топтамасы ерекше көз тартады.