• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қазан, 2021

Сөмкесінде Президенттің кітабы жоқ студент оқудан шығарылады

289 рет
көрсетілді

Түркіменстандық студенттердің сөмкесінде президенттің жазған кітабы болмаса оқудан шығарылады, деп жазады Egemen.kz.

Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кітабын студенттер жанынан тастамай алып жүруі керек. Алдағы уақытта сөмкесінен әлгі кітап табылмай қалса, студент оқудан шығарылуы мүмкін.

«Деканаттар студенттердің барлығына президенттің бір кітабын алып жүруді міндеттеп қойды. Бізге тексеру жүретінін ескертті, егер президенттің кітабын алып жүрмесең, оқудан қуыласың» деп түсініктеме берген түркменстандық студент.

Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов 2007 жылы билікке келді. Сол уақыттан бері ол 60-тан астам кітап жазған.