• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 22 Қазан, 2021

Өзбекстандағы президент сайлауына екі күн қалды

495 рет
көрсетілді

Биылғы шілде айында Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Сайниддин Низамходжаев баспасөз мәслихатында елдегі президенттік сайлауды 24 қазан күні өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеген еді, деп жазады Egemen.kz.

Осыған байланысты 12 қазанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Өзбекстан Республикасының Президенті сайлауын байқауға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан жіберілетін байқаушылардың кандидатуралары бекітілді.

Өзбекстан Республикасындағы президенттік сайлауды байқауға Қазақстан Республикасының 37 өкілі ТМД, ШЫҰ, Түркі кеңесі, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары миссияларының құрамында, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шақыруы бойынша қатысады.

Өзбекстан Республикасының қолданыстағы Сайлау кодексіне сәйкес, Өзбекстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады. Елдегі ең жоғары лауазымға Өзбекстанда әрбір тіркелген саяси партиядан бес адам - үміткер. Олардың ішінде қазіргі Президент Шавкат Мирзиёев те қатысып жатыр.

Сайлау заңнамасына сәйкес, Өзбекстанда сайлаудың негізгі күнінде қандай да бір себептермен тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алмайтын азаматтар мерзімге дейін дауыс беруге құқылы. Ал мерзімінен бұрын дауыс беру 2021 жылғы 14-20 қазан аралығында өтті. Қазақстан аумағы бойынша учаскелер Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтау қалаларындағы диаспоралық өкілдіктерде ашылды.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда соңғы президенттік сайлау 2016 жылдың желтоқсан айында өткізіліп, аталмыш сайлауда үш қарсыласын артта қалдырған Шевкет Мирзиёев 88,61 пайыз дауыспен жеңіске жеткен болатын.