Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебі бойынша, коронавирустан әлемде 80 мыңнан 180 мыңға дейін медицина қызметкері көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сингапур денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайту үшін COVID-19-ға байланысты шектеулерді бір айға ұзартады. Қыркүйек айының соңында Сингапурде кафелер мен мейрамханаларда екі адамнан астам компаниялардың жиналуына тыйым салынды және көптеген кәсіпорындардың қызметкерлері үшін қашықтан жұмыс жасау режимі енгізіледі.
Австралияның ең ірі сауда желілері қызметкерлер үшін COVID-19 вакцинациясын міндетті етті. Sydney Morning Herald газетінің хабарлауынша, 250 мыңнан астам қызметкер COVID-19-ға қарсы толық вакцинациядан өтуі керек.
ДДСҰ коронавирустан әлемде 80 мыңнан 180 мыңға дейін медицина қызметкері көз жұмды деп есептейді. Ұйымның мәлімдемесінде медициналық қызметкерлер арасында «жалпы вакцинацияның төмен деңгейі», сонымен қатар табысы төмен және жоғары елдерде вакцинацияға қол жетімділіктің болмауына қатысты алаңдаушылық бар.