АҚШ-та фильм түсірілімі кезінде актер Алек Болдуин режиссер Джоэль Соусаны кездейсоқ жарақаттап алған болатын. Бүгінде режиссердің жағдайы мәз емес, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға Нью-Мексико штатында өткен түсірілім жұмыстары кезінде орын алған. Тапанша қауіпсіз оқтармен зарятдалуы тиіс болған. Алайда бір қателік кеткен секілді. Режиисерден өзге ауыр жарақат алған оператор Алина Хатчинс Альбукеркедегі ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оны аман алып қала алмады.
Алек Болдуин - фильмнің продюсері әрі басты рөлдегі актер. Әзірге оның әрекетіне қатысты іс қозғалған жоқ. Картинаның түсірілімі тоқтатылды.