Алматылық теннисші Денис Евсеев елордада өткен халықаралық турнирдің жеке разрядының 1/2 финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы маусымды сәтті өткізген 28 жастағы спортшы қазір «фьючерс» сериясындағы турнирде өзін ерекшелендірді. Жарыстың басында Денис үш теннисшіні жеңіп, енді жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Оның келесі қарсыласы 27 жастағы канадалық Филип Пело болды.
Тағы бір жартылай финалда теміртаулық теннисші Григорий Ломакин ресейлік Константин Кравчуктан 4:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Жұптық разрядтың шешуші матчында қазақстандық Бейбіт Жукаев ойнайды, ол ресейлік Андрей Кузнецовпен тандемде 22 қазанда Джереми Биладан (Австралия)\Эрик Ваншелбоймадан (Украина) басым түсті.