Delcotimes.com сайтының редакторы, бокс сарапшысы Джек МакКафери орта салмақта өтетін Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы біріккен тұжырымдар жекпе-жегіне қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Риота Мурата әлем чемпионы болғанына қарамастан, оны мықты боксшы деп айтуға болмайды. Ол – орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондардың ең әлсізі. Жапон боксшысының бойында басқа чемпиондарды жеңетін қауқар да, техника да жоқ. Геннадий Головкин әлем үздігі Сауль Альвареспен екі мәрте керемет деңгейде жұдырықтасқанын есепке алсақ, Муратаның мүмкіндігі жайлы сөз етудің өзі қиын. Ол ортаңқол боксшыларға қарсы шайқастардың өзінде кәдімгідей қиналды. Әрине, Риота өз жанкүйерлерінің алдында барын салатыны түсінікті. Алайда Головкин қай кезде де қауіпті боксшы саналған. Ол шаршы алаңға аш қасқыр секілді көтеріледі. Сондықтан Муратаның жеңісіне сенбеймін», деді ол.
Отандасымыз Геннадий Головкинге тиесілі IBF және IBO белбеулерімен қатар осы жекпе-жекте Муратағы тиесілі WBA (super) белбеуі бәске тігіледі. Орта салмақтағы чемпиондардың шайқасы 29 желтоқсан күні Жапония астанасы Токио қаласында өтпек.