• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2021

Отандық азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттады

704 рет
көрсетілді

Биыл азық-түліктің кейбір түрлері 33%-ға қымбаттаған. Атап айтқанда, қант – 9,6, өсімдік майы – 6,7, ұн бағасы 8,8 пайызға көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 2021 жылғы 18 қазандағы санында журналист Байқал Байәділ «Дастарқан мол болсын десек…» мақаласында кеңінен тарқатып жазды.

Биыл Ақмола өңірінде 4,2 мың бас сиыр сауылатын 19 тауарлы сүт фермасын ұйымдастыру межеленген болатын. Қазір облыста 11 ферма ұйымдастырылып, 1 461 бас сүті бұлақтай асыл тұқымды сиыр сауылып, ісі алға баса бастады. Бұл орайдағы жоспарды облыс 57,9 пайызға орындады. Жыл соңына дейін 1 933 бас сауын сиыры бар 7 тауарлы сүт фермасы іске қосылмақ.

Ауыл шаруашылығын дамыту шеңберінде облыста 23 сүт қабылдайтын модульдік орындар ашылды. Бірақ, бір шеті мен бір шеті күншілік жол болатын, аумағы тым үлкен өңір үшін бұл аздық етеді.

«Осы бір ғана мысал кооперативтердің қажет екенін айғақтайды. Тек басында таудай болып басталған бастама соңғы уақытта сұйылып кетті. Облыс немесе аудан орталықтарына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары болмаса шалғайдағы шағын ауылдарда бұл мəселенің мұрты бұзылмай жатыр. Егер əрбір ауылдық округте халықтың қолындағы сүтті бір орталыққа жинап, сатып алуды ұйымдастырса, екі жаққа да тиімді болар еді», деп түйіндейді мақала авторы Байқал Байәділ.