Ұлттық жобалар толыққанды жүзеге асқан кезде экология саласындағы ауқымды мәселелер де оң шешімін таппақ. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов Egemen.kz сайтына берген сұхбатында жан-жақты айтты.
«Тағы бір бағыт – қоршаған ортаны қорғау. Халықтың қазір бұл мәселеде талабы жоғары. Мәселен, ұлттық жобада ауа сапасын 25% жақсарту туралы мақсат бар. Оған қалай қол жеткіземіз? Кәсіпорындардың зиянды қалдықтармен ластауын азайтамыз. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осымен айналысады. Қосымша су ресурстарын басқару бағдарламасы дайындалады. Өйткені су ресурстарын үнемдеу және сақтау керек. 9 су қоймасы салынады. Арналар цифрландырылады», деді Қайрат Келімбетов.