Стенд ату бойынша Қазақстан командасының өкілі Зоя Кравченко Ларнакта өткен Әлем Кубогының финалдық кезеңінде жүлделі орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайты хабарлады.
Ол аралас командалар арасында «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетті. Спортшы Француз Эрик Делунэймен жұптасып, тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Бағдарламаның осы түріндегі финал 23 қазанда өтеді.