71 жасқа қараған шағында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,кинорежиссер Қанымбек Қасымбеков өмірден озды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.
Қ.Қасымбеков 1943 жылы 4 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын бітірген.
1969 жылы «Қазақфильм» киностудиясында қоюшы-режиссер ретінде қызмет атқарған. Ол түсірген «Шоқ пен Шер» толық метражды көркем фильмі 1972 жылы Монте-Карло қаласында өткен халықаралық фестивальде балаларға арналған кино туындылары арасынан бас жүлдені иеленген болатын. Сонымен бірге, бұл фильм Ташкент кинофестивалінде КСРО Кинематография одағының жүлдесін жеңіп алды.
«Қызыл отау», «Қоштасқым келмейді», «Ұш, тырнашым, ұш», «Соңғы түлкі», «Саған күшік керек пе?» атты көркем фильмдерінің де шоқтығы бөлек.
Дереккөз: «Қазақстан» телеарнасы.
Фото: Kaztrk.kz.