• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Қазан, 2021

ШҚО-да 1000 тоннадан астам пішен өртенді

226 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданында 1000 тоннадан астам пішен өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қазанда сағат 15:43-те Бесқарағай ауданындағы Жандос ауылының шетінде жиналған 1028 тонна пішен өртенген. От шаруашылық қора-жайдың ағаш құрылымдарына тарады.

«Құтқарушылар мен орманшылар оқиға орнына шұғыл келіп жеткен. Бірлескен үйлесімді іс-қимылдың арқасында 788 шаршы метр алаңдағы өрт 23 қазан күні сағат 10.10-да сөндірілді. ​Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 8 адам және орман шаруашылығынан 2 автоцистерна, 8 қызметкер, 3 техника және 2 трактор жұмылдырылды», деп хабарлады ведомство өкілдері.​

Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалынның шығу себебі - жем-шөпті жинау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.