Сербия астанасы Белградта бокстан өтетін əлем чемпионатына Қазақстан атынан кімдер өнер көрсететіні анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша келесі былғары қолғап шеберлері ел намысын қорғауға аттанады:
48 кг - Теміртас Жүсіпов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
51 кг - Сəкен Бибосынов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері).
54 кг - Махмұд Сабырхан (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
57 кг - Серік Теміржанов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
60 кг - Саматəлі Төлтаев (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
63,5 кг - Санатəлі Төлтаев (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
67 кг - Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері).
71 кг- Асланбек Шымбергенов (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
75 кг - Нұрқанат Райыс (спорт шебері).
80 кг - Нұрбек Оралбай (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
86 кг - Бек Нұрмағанбет (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
92 кг - Айбек Оралбай (Халықаралық дəрежедегі спорт шебері).
+92 кг - Нұрлан Сапарбай (спорт шебері).
Ұлттық құраманың бас бапкері - Қайрат Сатжанов.
Команда капитаны - Абылайхан Жүсіпов.
Айта кетсек, биылғы ерлер арасындағы əлем чемпионаты 24 қазаннан бастап 6 қарашаға дейін жалғасын табады. Бəсекенің жалпы жүлде қоры - 2,6 млн АҚШ доллары. Жеңімпаздар 100 000 доллар, күміс жүлдегерлер 50 000, қола медаль иегерлері 25 000 долларға ие болады.