Электр бағанасына соғысқан көлік жүргізушісі аурухана табалдырығын аттамастан көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы облыстық полиция департаменті өкілінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 24 қазан күні сағат 22:18 шамасында Талдықорған қаласында орын алған.
«24 жастағы «Toyota Camry» маркалы автокөлік жүргізушісі Д. Қонаев көшесінің бойымен шығыс бағытта жүріп, рульді басқара алмай, электр бағанасына соғылғаны анықталып отыр. Салдарынан «Toyota» автокөлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде мерт болды. Жол апатынан 22 жастағы жолаушы зардап шекті, ол дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген», дейді Алматы облыстық полиция департаментінің өкілі.