• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Қазан, 2021

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты. Күдікті қамауға алынды

1063 рет
көрсетілді

Биыл 30 қыркүйек күні елордада жантүршігерлік көлік апатынан 5 адам мерт болған еді. Бүгін аталған жағдайға қатысты тергеу барысы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласында болған сол оқиғаның мән-жайына қатысты сауал қойылды.

«Иә, аталған жол-көлік оқиғасы қоғамды бейжай қалдырмады. Қазіргі таңда елорданың полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Нақты айтқанда, Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-тармағына сәйкес жол ережесін бұза отырып, 2 немесе одан да көп адамның өліміне себеп болу және 347-баптың 1-тармағына сәйкес оқиға орнынан кетіп қалуға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Апат орнынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Күдікті деп танылған 19 жастағы елорда тұрғыны бүгінде 2 айға уақытша қамауға алынды. Жол апатының уақытына келсек, ол бізде нақты тіркелген. Түнгі сағат 00:18-де болған. Бұл - біздегі ресми дерек», деп жауап берді ҚР ІІМ тергеу департаментінің басшысы Санжан Әбілов.

Еске сала кетсек, аталған жантүршігерлік апат 30 қыркүйек күні түнде болды. «Toyota Camry» автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзенінен өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай жүріп келе жатып, жылдамдық режімін сақтамаған. Жол апаты салдарынан бес адам қаза тапты.