• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Қазан, 2021

Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысты

258 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жеңіл көлік пен экскаватор соқтығысып, екі адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға Ақтөбе-Орск тасжолының Ақтөбе қаласы Украинка ауылы маңында болды. «Lada-219410» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Украинка ауылына қарай бағыт алып, жол ережесін бұзды. Сол кезде экскаватормен соқтығысты.

«Жол-көлік оқиғасы кезінде «Lada-219410» автокөлігінің екі жолаушысы жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды», деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.