Министрлік алдағы үш айда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Министрлік алдағы 3 айға коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңартты. Осылайша, пессимистік сценарий бойынша қараша айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 1 800-ге дейін, желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді деген болжам бар», деді Цой.