«26 қазан күні түнде Зеренді ауылының мектебінде 40 шаршы метр алаңда жаттығу кабинеті өртенді. Өрт 02:05-те ауыздықталып, 15 минут ішінде сөндірілді. Өрт алаңы 40 шаршы метрді құрады», деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Ведомство өрттің себептері анықталып жатқанын атап өтті.
Білім басқармасының ақпараты бойынша, «Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқу үдерісі апта соңына дейін онлайн-режимге өтеді.
Оқиға орнында Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері жұмыс істеуде.