Ауғанстан астанасы Кабулда әйелдер наразылық акциясын өткізіп, көкейлерінде жүрген мәселелерін жеткізді деп хабарлайды Egemen.kz.
Кабулда бірнеше әйел кемсітушілікке қарсы наразылық акциясын өткізді. Наразылық акциясына қатысушылар: «БҰҰ үнсіздігі – ұят», «Әйелдер де – адам», «Біз ашпыз!» сияқты ұран сөздерін айтты.
Демонстрацияға бөлінген уақыт аяқталған кезде «Талибан» жақтастары әйелдерді тарата бастады. Бұған дейін тәліптер жұмысқа қабылдап, еңбекақыны бидаймен есептесу жобасын іске қосатындарын мәлімдеп үлгерген.