• RUB:
    4.94
  • USD:
    443.16
  • EUR:
    480.39
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қазан, 2021

«Қайрат» Чемпиондар Лигасының алаңына шығады

178 рет
көрсетілді

27 қазанда Италияның Римини қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған жарыстың фавориттері қатарынан алматылық «Қайрат» көрінді.

«А» кіші тобындағы қазақстандықтарға чехиялық «Пльзень», ресейлік «Тюмень» мен италиялық «Пезаро» командалары бәсекелес болмақ.

Осы төрттіктің үздік үш клубы Чемпиондар Лигасының келесі раундында одан әрі күресті жалғастырады.

Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі «Қайрат» ойындарының кестесі:

27 қазан - «Қайрат» - «Пльзень»; 28 қазан - «Тюмень» - «Қайрат»; 30 қазан - «Пезаро» - «Қайрат».
Соңғы жаңалықтар