• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Қазан, 2021

Қытайда қатаң карантин жарияланды

641 рет
көрсетілді

Қытайдың солтүстік-батысындағы Ланчжоу қаласында жергілікті билік коронавирустың өршуіне байланысты қатаң карантин жариялады. 3,5 миллионға жуық халқы қала тұрғындарына үйлерінен еркін шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Билік шағын аудандарға кіру мен шығуды қатаң бақылайтын болады. Тек азық-түлік өнімдерін байланыссыз жеткізуге рұқсат етілді.

Такси мен қоғамдық көлік те жұмысын тоқтатады. Теміржол вокзалында 70-ке жуық рейс тоқтатылды, оның ішінде Пекин мен Сианьға қатынайтын бағыттар да бар.