• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қазан, 2021

Қойшыбековтің қолында – «Алтын Гефест»

462 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласында өткен Astana Mining & Metallurgy-AMM 2021 халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде жезқазғандық металлург Нұржан Қойшыбековке «Алтын Гефест» сыйлығы берілді.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның құю-механикалық зауытында жұмыс істейтін ол «Жыл металлургі» аталы­мында үздік деп танылды. Нұр­жан Қойшыбеков Қарағанды мем­­лекет­тік техникалық универ­ситетін тәмам­даған соң, еңбек жолын өндіріс сала­сында бастаған. Жезқазған құю-меха­­ни­­калық зауытында 12 жылдан бері балқыту шебері, технолог бо­лып еңбек етіп келеді. Бүгін­де ол кәсіп­­орынның бас метал­лургі, яғни метал­­­лургиялық өндірістегі техноло­гиялық даярлық бойынша барлық үдеріс­терге жетекшілік етеді. Еңбекте озат маман отбасында да үлгілі әке, зайыбы екеуінің тәрбиесінде алты бала бар.

Н.Қойшыбеков «Алтын Гефест» сыйлығының өзіне үлкен жауап­кершілік жүктей­тінін айтады.

– Мен үшін әріптестерімнің сеніміне кіріп, өзімнің кәсіби маман екенімді дәлелдеу – алдыма қойған мақсатымның бірі болды. Әрине, бұл белесті бағындыруға әжептәуір уақыт кетті, тәжірибе мектебінен өтуге тура келді, – дейді бас металлург.

Еске салар болсақ, тау-кен саласын­дағы аса беделді «Алтын Гефест» бай­қауы 2009 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Қарағанды облысы,

Жезқазған қаласы