Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғызстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дүйшекеевпен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Кездесуде көлік және транзиттік жүк тасымалы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, «Қытай-Қазақстан-Қырғызстан» бағыты бойынша транзиттік жүктердің кедергісіз өтуі, елдеріміз арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру, сондай-ақ транзиттік теміржол жолаушылар тасымалын жаңғырту мүмкіндігі қарастырылды.