«Бурабай» ұлттық паркі үлкен мысықтар отбасының жаңа бейнелерін көрсетті. Кадрларда екі марғауын ертіп, серуендеуге шыққан сілеусінді көруге болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бүгін тағы бір бейнемен бөліскіміз келеді - мысықтар отбасының өкілдері күндіз Бурабай жартастарында серуендеді. Тату отбасының пайда болуы сирек кездесетін жағдай, өйткені жабайы табиғатта сілеусіндер жалғыз тұрады», делінген Ұлттық парктің хабарламасында.