• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Тарих 28 Қазан, 2021

Кешегінің кебежесі

166 рет
көрсетілді

Өткен ғасырдың 30-шы жыл­дары жасалған кебеже Жезді кентіндегі Мәкен Тө­ре­­гелдиннің есімін иеленген тау-кен және балқыту ісі та­­рихы музейіне қойылды. Аталған тұрмыстық бұйым мұ­­ражай жылнамасына жиыр­ма мыңыншы жәдігер болып тір­келді.

Негізі ағаштан соғылып, темір және сүйек әшекейімен өрнектелген кебеже Жан­босын Текқұлұлы есім­ді ше­бердің қолынан шыққан. Жә­дігерді музейге кол­өнершінің не­мересі Шах­мардан Жанбосынов тап­сы­рыпты. Айта кету керек, атал­ған шебер жасаған арба, ат әб­зелдері сияқты бұ­йым­дар да музей төрінен орын алған.

Жалпы, кебеже көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұс­танған қазақ халқы үшін аса қа­жет тұрмыстық бұйымның бірі болды. Мұнда сол заманның адамдары күнделікті тұрмыста жиі және ұзақ уақыт қолданған заттарын сақтаған.

Уақыттың сынына төтеп берген кебежені суретші-рес­тавратор, Мәдениет қайраткері Ерғазы Исатаев қалпына келтірген.

Бұдан бөлек, Мәкен Төрегелдин музейінің ашық аспан астындағы экспозициясы ұста жабдығымен де толықты. Мұнда келушілер құрал-саймандар жасауға арнал­ған түп­нұсқалық көрігі­мен, ұстаның темір соғатын төсі және шеберлердің басқа да құралдарымен таныса алады. Мамандардың айтуынша, мұн­дай ұстаханалар XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ ауылда­рында жиі кездескен.

 

Қарағанды облысы,

Жезді кенті