• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 28 Қазан, 2021

Доллар бағасы тағы көтерілді

694 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 27 қазан кешімен салыстырғанда 1,55 теңгеге өскен.

АҚШ долларының орташа бағамы 427, 59 теңге болды. Ұлттық банктің 28 қазандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 426,01 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 427,2 теңгеден сатылса, сатып алу – 428, 2 теңге.

Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 426, 6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 427, 8 теңге.