• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Қазан, 2021

Көрші елде үш жүзден астам адам тамақтан уланған

324 рет
көрсетілді

«Империя пиццы» желісінен тамақтанып, уланғандардың саны үш жүзден астты. Бұл Қырғыз Республикасы Бішкек қаласы мен Шу облысының медициналық мекемелеріне көмек сұрап жүгінгендердің есебінен белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің 40-ы балалар.

«43 адам стационарлық көмек алуда. Теміржол ауруханасында - 17, қалалық балалар клиникалық ауруханасында - 9, Ұлттық госпитальда – 17 адам», - деп атап өтті ведомствода өкілі. «Империя пиццы» жеңіл тамақтану желілік мекемелеріне жалпы 21 мың сом айыппұл салынды.