• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 28 Қазан, 2021

ТМД елдерінің әлеуметтік мәселелерді талқыланды

305 рет
көрсетілді

Бүгін онлайн режимде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің XXXIV отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығы отырысқа қатысушыларды әлеуметтік-еңбек саласын жетілдіру, әлеуметтік әділеттілік пен лайықты еңбекті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Іс-шара барысында ТМД аумағында халықты әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жақсарту және қашықтан жұмыс істеуді реттеу бойынша ақпарат пен тәжірибемен алмасу мүмкіндігі мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясының салалық министрліктерінің басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның, Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының, Мемлекетаралық статистика комитетінің, ТМД Атқарушы комитетінің және бірқатар елдік ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырысты Беларусь Республикасының Консультативтік кеңесінің төрағасы, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Ирина Костевич ашты. Өз сөзінде ол ТМД өкілдеріне отырысқа қатысқаны үшін алғысын білдірді, сондай-ақ 2020 жылғы 29 қазанда өткен Консультативтік кеңестің алдыңғы, XXXIII отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы айтты.

Осыдан кейін 2020-2021 жылдары төрағалық еткен Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына 2021-2022 жылдар кезеңіне төрағалық ету құқығын берілді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өз сөзінде Консультативтік кеңес жұмысының жоғары сапасын атап өтті, сондай-ақ биыл ТМД-ның мақсаттары мен қағидаттарын айқындаған Алматы декларациясына қол қойылғанына 30 жыл толатынын еске салды.

«ТМД – бірегей және әмбебап диалог алаңы, оның аясында сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, ТМД кеңістігіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі бастамаларға жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастық дамиды», деді министр.

Серік Шәпкенов Консультативтік кеңестің қатысушылары тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу бойынша, еңбекті нормалау, кәсіптік стандарттар, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары және басқа да салада үлкен жұмыс жүргізгенін, ал отырыстарда қабылданатын шешімдер ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жұмыс тәжірибесіне мемлекетаралық деңгейде қабылданған құжаттарды енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Осы отырыс аясында біз covid-19 пандемиясына байланысты өзгерістерге қатысты бірқатар өзекті мәселелерді, соның ішінде құқық қолдану практикасын, қашықтан жұмыс істеуді реттеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша ақпарат және тәжірибе алмасуды, оның ішінде жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру мәселесін қарастырамыз», деді  С.Шәпкенов.