Бокстан Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақ жігіттері жеңісті жорықтарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
57 келі салмақ дәрежесіндегі ел үміті Серік Теміржанов доданың 1\16 финалында жастар арасындағы әлем чемпионы, жапониялық Рейто Цуцумимен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Серік қарсыласына шеберлік сағатын өткізді деуге де болады. Тіпті жапониялық жас періні екінші раундта бір мәрте есеңгіретіп те алды. Нәтижесінде төрешілер қазақ жігітінің жеңісін мойындады.